Құрметті жас буын, сенің өмірің саған сыйланған ең қымбат дүние. Өз өмірлеріңді құртуды қаламасаңдар,бөгде біреулер зиянды заттарды тұтынуға шақырған жағдайда, «ЖОҚ!» – деп айтуды үйренгендерің жөн!

Себебі сендердің ұзақ,мәнді өмір сүрулерінің негізі- денсаулық. Денсаулық-бәріміздің ең құнды,қайталанбайтын,орны толмас асыл қазынамыз.Осы адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға адам ағзасын улайтын зиянды заттар жатады.Яғни ол:шылым,ішімдік,наша,есірткі және тағы басқа. Мұндай қатерлі заттармен өскелең ұрпақтың ағзасы уланып, болашағы құртылады. Қазіргі таңда ғаламтор желісінде заңсыз улы заттар сатушылар көптеп таралған. Егер де бірден-бір адам саған есірткіге ұқсас затты ұсынып, дәмін татып көруді сұраса, ойланбастан бас тарт! Бұндай кезде жоқ! − деп айтуды үйрен. Арлы  тұлға бойыңды есірткі атты дүниемен ластамай, өз ортаңда осы наша пайдаланумен айналысатын адамдарды арашалай отырып, және оларға «Жоқ!» – деп айтып үйрен. Себебі: біздің еліміздің болашағы есірткіге тәуелді ұрпақтың емес, оқу-білімге құштар, өмірге деген көзқарасы  ерекше жастардың қолында. Өз құның мен құндылығыңды биік ұстап, өзгелердің алдындағы құрметіңді сақтап, абыройлы болғың келсе, адамзатқа кесел жаудыратын есірткі дейтін лас дүниеден бойыңдыды да,ойыңды да  аулақ ұста! Мен нашақорлықсыз, уайымсыз, бақытты өмірді таңдаймын. Есірткі мен нашақорлыққа қарсымын. Сендерді де осы нашақорлыққа қарсы болуға шақырамын!

             «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», – деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Жақсыдан көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманнан көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау қажет. Ертеңгі елдің баласы ретінде салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, деніміз сау болып өсе берейік! Дана халқымызда: ”Сақтанғанды сақтайды” деген сөз бар. Сондықтан да жаман әдеттер мен жат қылықтан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн.

Достар, есірткісіз өмір сүрейік! Спортпен шұғылданып, жетістікке бірге жетейік! 

Қызылорда қаласы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педогогикалық жоғары колледжінің 1 курс студенті

Ғалымжанқызы Наргиза

#есірткігеқарсы #противнаркотиков

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!