АҚШ-та америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниялары әзірлеген вакциналарды 16 жастан асқан адамдарға салу толық мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, Pfizer вакцинасы АҚШ-та және әлемнің басқа елдерінде белсенді түрде қолданысқа енген. Бірақ Құрама Штаттар бірқатар шектеулер қойып, тек төтенше жағдайда ғана салу жөнінде рұқсат берген.

Содан бері АҚШ-та 200 миллионға жуық адам Pfizer вакцинасын алған. Бұдан бөлек Америкада Moderna және Johnson&Johnson вакциналары салынып жатыр. Жалпы бұл елде 350 миллион адам вакцина алған.

Бірақ соған қарамастан соңғы аптада Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырған адамдардың саны өсіп жатыр. Мұны «дельта» штамының кең тарауымен байланыстырады. Дегенмен вакцина адам өлімін азайтады деп болжанып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!