Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының шеңберінде аса тапшы медициналық мамандықтар резидентурасының грант санын арттыру жоспарланып отыр.

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 39 млрд 954 млн теңге, жергілікті бюджеттерден 11 млрд 568,3 млн теңге бөлу көзделген. Келер жылы 1500-ден, 2025 жылы 3800 грантқа дейін кезең-кезеңімен ұлғайту қарастырылды. Ол үшін 2022 жылы  1500 грант, 2023 жылы  2600, 2024 жылы 3060, 2025 жылы 3800 грант бөлу жоспарланды.

Бұдан бөлек, жетекші әлемдік орталықтарда 156 дәрігерді оқыту жүзеге асырылады деген ақпар бар.