Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников «өмірді ұзартатын» өнімді атады. Дәрігердің айтуынша, аталмыш өнім  құрамында омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары көп теңіз балығы. Бұл туралы RG жазды.

Оның айтуынша, өнімде В12 дәрумені, йод және белоктар да бар, бірақ басқа өнімдер де бұл элементтердің тапшылығын өтей алады.

«Бірақ омега-3 қышқылдарын еш жерден таба алмайсыз», – дейді дәрігер.

Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары көптеген ағзаға пайдалы. Ол ми жұмысын жақсартады, артрит пен депрессия қаупін азайтады, холестерин деңгейін төмендетеді. Мясниковтың айтуынша, омега-3 әжімдердің пайда болуын тежей алады.

Бұл ретте теңіз балығын жиі тұтынуда жүкті әйелдер сақ болғаны жөн. 

Себебі, балық құрамындағы балаға зиянды сынап бар. Жүкті әйелдер аптасына екі рет теңіз балығын жеуге болады», – деді дәрігер.

Айта кетейік, диетолог Ирина Степная ас қорытуды жақсартуға қандай арзан өнім көмектесетінін айтқан болатын.

Оның айтуынша, күніне екі жұмыртқаның сарысын жеу асқазан-ішек жолдарының жұмысына және сүйектердің беріктігіне жақсы әсер етеді. Оны дұрыс сіңіріп, салмақ жоғалтуға ықпал ету үшін жұмыртқа сарысына  көкөніс, балық, ет өнімдерін қосу керек.

massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!