Бұл туралы Мемлекет басшысы «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумының ашылуында айтты.

«Екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе беретінін айтты.

«Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндетін қойдық», деді Мемлекет басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!