Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан іске қосылатынын айтты.

Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргіздік, тестілеу өтіп жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент шаһарларында іске қосамыз. 2023-2024 жылдары – облыс орталықтарында істей бастайды. Біз 5G-ді ауылдарға тартпаймыз.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек

Бұған дейін ол Қазақстанның қай өңірінде интернет нашар екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Мәжіліс отырысында депутаттар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс, интернет сапасының нашарлығы үшін операторларға салынатын айыппұлды ұлғайту бойынша түзетулерді мақұлдаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!