Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022» облыстық IT жобалар хакатоны өтеді. 

«Smart city Kyzylorda» концепциясы аясында инновациялық жобалар, ақпараттық технологиялар мен стартап жобаларды дамытуға арналған «Әзірлеу» (Development), «Моделдеу», «Медиа және білім беру» бағыттарын қамтиды. 

Әзірлеу»бағыты(Development)  – сайт, мобильді қосымша, бот және ойындар әзірлеу бағытындағы жобалар сайысы. Жүлде қоры: І-орын – 70 000 тг, ІІ-орын – 50 000 тг, ІІІ-орын – 30 000 тг. «Smart city Kyzylorda» концепциясы аясында тұрғындардың ақылды қалада тұруын оңтайландыратын жобалар бағаланады. 

«Моделдеу» бағыты – 3D моделдеу, робототехника, жасанды интеллект, ақылды заттар және BIM технологиялар аясындағы жобалар. Жүлде қоры: І-орын – 70 000 тг, ІІ-орын – 50 000 тг, ІІІ-орын – 30 000 тг. Адамдардың өмірлік процессін жеңілдету, қолданысқа арналған жаңашыл заттар мен қызметтердің жобалары қаралады. 

«Медиа және білім беру» бағыты – LMS, онлайн оқыту, анимация мен кинематография тақырыптарындағы жобалар байқауы. Жүлде қоры: І-орын – 70 000 тг, ІІ-орын – 50 000 тг, ІІІ-орын – 30 000 тг. Білім контентін өндіру және оны цифрлы ресурстар арқылы жариялау бағытындағы жобалар бағаланады. 

Айта кетейік, студенттерге  450 000 теңге қаржылай сыйақы берілсе, мектеп оқушылары үшін Қорқыт  ата атындағы Қызылорда университетінен  арнайы білім гранттары бөлінеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!