Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көқтайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 16 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көқтайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавлда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей уақытта 25 м/с болады.

Қарағандыда жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 16 қарашада батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

16 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші желдің күші секундына 15-20 метрге, таулы аудандарда екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз нөсер жауын-шашын (жаңбы, қар) болады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда 16 қарашада кей уақытта көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

16 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстігінде, орталығында екпіні 16 м/с.