АИ-92 маркалы бензиннің екі апталық қоры бар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180,0 мың тоннаны құрайды, бұл қажеттілікті 14 күнге жабады. Дизель отынының қоры 220 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді», – деді министр.

Оның атап өтуінше, еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында 71 мың тонна АИ-92 бензині, 53,4 мың тонна дизель отыны бар.

«АИ-92 бензині бойынша жағдай тұрақты», -деді Болат Ақшолақов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!