Бүгін Арал ауданындағы Қамыстыбас және Аманөткел ауылдық округтерінің кіре беріс аймағында мал азығына арналған ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкеге шығарылды.

Жәрмеңкеге Қармақшы, Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудан әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен 19 жүк көлігі, оның ішінде 13 тіркемесімен 8 мың дана жоңышқа пресстері мен басқа да жем-шөп түрлері әкелінді. Жем-шөп нарық бағасынан 10-15% төмен бағада сатылуда.

Сонымен бірге, Қазалы ауданындағы «Мерей» ШҚ 300 дана жоңышқа прессін Арал ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін тарататын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!