Қазақстанда бұрын McDonald’s брендімен жұмыс істеген мейрамханалар желісінің ғимараттарында «Біз ашықпыз» белгісі жазылған плакаттар пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Казахстанға сілтеме жасап.

Мейрамхананың есігінде мекеме сағат 10:00-де ашылады деген хабарландыру ілінулі тұр.

Қазақстандағы McDonald’s («Food Solutions KZ» ЖШС) франчайзер ресейлік жеткізушілерден ет котлеттерін сатып алуға тыйым салғандықтан қараша айының ортасында жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты жұмысын тоқтатты. 

«Food Solutions KZ» басқаратын фастфуд мейрамханалар желісі жұмысын қайта бастағанын хабарлады.

Фаст-фуд мейрамханаларын ашу кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Бастапқы кезеңде Алматыда 5 мейрамхана ашылады.

Жабылу кезінде жұмыс істейтін мейрамхананың барлық қызметкерлері жұмыс орындарын, жалақыларын және басқа да еңбек жағдайларын толық көлемде сақтайды.

«Біз әр қалада қонақтар үшін мейрамханалардың есігін біртіндеп ашатын боламыз. Мейрамханалар атаусыз ашылатынымен, жақын арада жаңа атауымызды таныстырамыз», – деді «Food Solutions KZ» ЖШС бас директоры Әсет Машанов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!