«Қазгидромет» РМК 28 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні екпіні 24-29 м/с жетуі ықтимал. Алматы қаласында кешке қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі. Таңертең және күндіз желдің күші 25 м/с артады. Түнде Түркістан облысында тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр болжанады. Өңірдің оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Шымкент қаласында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақмола облысының шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің шығысында, күндіз батысында жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде, шығысында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ болжанады. Түнде және таңертең өңірдің батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігінде екпіні 18 м/с артады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Жарма, Катонқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының орталығында, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с артады. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!