Экология, геология және табиғи ре­сурс­тар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ауасы ең лас 10 қаланы атады. Бұлар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өс­кемен, Жезқазған, Шымкент.

Атмосфералық ауаның экологиялық мо­ниторингіне сәйкес, былтырғы қоры­тынды осыны көрсеткен. Өңірлердің негізгі экологиялық проблемасы – ауаның, жерүсті суының ластануы және қалдықтармен жұмыс істеудің жетілмеген жүйесі. Қатты тұрмыстық қалдықтардың полигоны сани­тарлық және экологиялық талаптарға сай емес.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!