Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі.

Синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ауа райы болатынын мәлімдеді.

«Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.

Тараз қаласында бұл күні кей жерлерде тұман түседі», – деп жазды Қазгидрометтен.

Түнде Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыс орталығында 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қызылорда қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады.

Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғады, таулы аймақтарда екпіні – 15-20 м/с.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!