Өзбекстан Республикасы Андижан қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкеріне аю шабуыл жасаған. Салдарынан қызметкер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Оқиға 3 қаңтарда сағат 16:00 шамасында «Усмонобод Файзи» ЖШС жеке хайуанаттар бағында болды. Қызметкері аюды тамақтандыру үшін қоршауына кірген. Кенеттен жабайы аң адамға секіріп, шабуыл жасаған.

«Қазіргі таңда хайуанттар бағы қызметкерінің қайтыс болу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қожаабад ауданы ІІБ ІІБ жанындағы тергеу тобы тергеуге дейінгі тексеру жүргізіледі» , – деді жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!