Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесіне назар аударып, әр ауылдың мүмкіндігіне қарай көкөніс және бақша өнімдерін өндіру үшін бос жатқан жерлерді игеруді ынталы азаматтарға бөліп беру қажеттігін айтқан болатын. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде жоспардан бөлек, Жалағаш ауданында 250 гектар жерге қосымша егін егілді.

Өңір басшысы Жалағаш ауданына жұмыс сапары аясында Мақпалкөл елді мекеніндегі шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Алдымен шаруалармен егін егу мәселесіне қатысты пікірлесті. Мұнан соң, аудан бойынша егін орналастыру жұмыстары мен «Ер Әлі», «Құрманбай Ата» шаруа қожалықтарының егісі туралы сөз қозғалды.

Бүгінде «Ер Әлі» шаруа қожалығы 31 гектардан астам жерге картоп, сәбіз, қызылша өнімдерін еккен. Ал, «Құрманбай ата» шаруақожалығының алма бағында 5 түрлі алма сорты егілген. Алынған өнімдер Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына сатылады.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, сұраныстағы өнімдерді өзімізде өсірудің маңыздылығын атап өтті. Өнім көлемін арттыру үшін қажетті қолдаудың да көрсетілетінін жеткізді.

Облыс әкімі шаруа қожалықтарының жұмысымен танысу барысында ауыл арқсақалдарымен, ардагерлермен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!