Бұл ту­ра­лы Сенат депутаттары­ның сауалына ҚР Премьер-Ми­нистрі Асқар Маминнің жауа­­бында айтылған.

«Қызылорда облысының су шаруашылығы объекті­леріне 2022 жылы респуб­ликалық бюджеттен қаржы бөлу жөніндегі депутаттық сауалдарыңызды қарап, мы­наны хабарлаймын. Қараөзек және Күміскеткен су қой­ма­ларын салуға «2022-2024 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының жобасы аясында 3,86 млрд, оның ішінде 2023 жыл­ға 1 млрд және 2024 жылға 2,86 млрд теңге көзделген. 2022 жылы Күміскеткен су қоймасының жо­ба­лау-сметалық құжаттамасын әзір­леуді аяқтау үшін 56 млн және Қараөзек су қоймасының құрылыс жұмыстарын бастау үшін 500 млн теңге бөлу мәселелері 2022 жыл­ға арналған республикалық бюд­жетті нақтылау шеңберінде қа­рас­тырылатын болады», – деді Үкімет басшысы өз жауа­бында.

Премьер-Ми­нистрдің айтуынша, Жаңақорған ауданының 30 мың гектар суар­малы егістік жер­лерін сумен қам­тама­сыз ету мақ­сатында Эко­логия, геология және табиғи ре­сурстар ми­нистр­лігі Су ресурс­тары ко­митетінің жобалау ұйымы («Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда фи­лиа­лы) Сырдария өзенінде су тос­пасының құры­лысын бірнеше кон­структивті жобалық ше­шімдерімен са­лу мә­селесін жан-жақты қа­рас­­тырып, тиісті жобалау-іздестіру жұ­мыс­тарын жүргізді.

«Алдын ала есеп­теулер бойынша Сыр­дария өзенінде су тоспа құрылысының құ­ны 12-35 млрд теңге ара­лығын құрайтын болады. Экономикалық тиімді нұсқа ретінде үрлемелі су тоспасын салу қарастырылуда, алдын ала есеп бойынша оның құны 14,6 млрд теңгені құрайды. Сырдария өзенінде су тоспасын салу мәселесі Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында көздел­ген тәртіппен (мемлекеттік инвес­тициялық ұсыныс әзірлеу және оған экономикалық қорытынды алу, техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу) іске асырылатын болады. Жалпы Қызылорда облысының су шаруашылығы мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында», – деп атап өтті Асқар Мамин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!