«Қазгидромет» мамандары 3 ақпанда Қазақстанның 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұмада Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Оңтүстікте және таулы аймақтарда түман күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ал БҚО-да 3 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды. Оралда таңертең және түнде тұман күтіледі. 

Таразда да 4-5 ақпанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 5 ақпанда 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр және қар түрінде қатты жауын жауады. 4-5 ақпанда облыстың батысында, таулы жерлерде көктайғақ болады. 

Қызылорда облысында 3 ақпанда көктайғақ сақталып, тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында жаңбыр және қар түріндегі қатты жауын күтіледі. Аймақтың солтүстік-батысында, шығысында тұман мен көктайғақ болады. 

Павлодар облысының батысында тұман болжанады. Ал Түркістан облысында 4 ақпанда түнде таулы аймақтарда қатты жауын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында таулы жерлерде тұман түсуі ықтимал. Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. 4-5 ақпанда оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!