1 сәуір – Халықаралық құстар күніне байланысты жылда дәстүрлі түрде «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы өткізіледі.
Жуырда акция аясында Арал ауданы №82, 75 орта мектебінде «Құстарға қамқор болайық» атты іс -шара өтті.


№82 орта мектебі тәлімгері Г. Мняжованың ұйымдастыруымен оқушылар құстар туралы өлеңдер оқып, жобалар қорғады. Экология және еңбек фракциясы» жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Қ. Жұмағалиев «Құстар біздің досымыз» тақырыбында суреттер байқауын және «Құстарға қамқор болайық» атты құстарға арналған суға жіберетін, талға ілетін ұялардан көрме ұйымдастырды.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің экологиялық ағарту маманы А. Есенова Барсакелмес қорығы аумағындағы құстар туралы, оларды қамқорлыққа алу жайында ақпарат берді. Халықаралық құстар күні 1906 жылы құстарды қорғау бойынша Конвенцияның бекітуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға; жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған. Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар .Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ – қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құтардың денелері жеңіл болғанмен мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі. Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын , 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты – шалшықты және су құстары деп бөледі. Балалар Барсакелмес қорығы аумағында 250 – ге жуық түрлі құстар бар екенін, оның 33 түрі Қызыл кітапқа енгізілгендігі туралы ақпарат алды.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің экологиялық ағарту мамандары оқушылардың іс – шарасына қатысып, белсенділік танытқан оқушыларға ескерткіш сыйлықтар табыстады.
Шара барысында қосымша білім беру маманы Е. Батаманов сурет байқауына қатысқан оқушыларды Диплом, Алғыс хаттармен марапаттады. Мектеп тәрбие ісі орынбасары Г. Шуйншибаева экологиялық ағарту мамандарына оқушылардың еңбегін бағалағандарына ризашылығын білдірді. Шара соңында оқушылар мамандармен және жетекшілерімен бірге құстарға арнап жасаған ұяларын талдарға ілді, суға жіберді.
Құстарға қамқор болайық! Құстар біздің досымыз!

Арал ауданы
Қаратерең ауылы
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы»
РММ-нің қоғаммен байланыс маманы: Мейрамбек Байжігітов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!