Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және 207 көл бар. Онда балықтың 18 түрі аулануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов баяндады.

-Қамыстыбас балық питомнигінде жыл сайын 15 млн. дана балық шабақтары өсіріліп, балық шаруашылығы маңызы бар көлдерге және Кіші Арал теңізіне жіберілуде. Өңірде жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның 4-уі Еуропалық сапа стандартына сәйкес. Яғни, «Еврокод»саны бар. Зауыттарда 500-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал маусымдық жұмысшылар саны үш мыңға жуық, – деді Бауыржан Оспанов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!