Республика көлемінде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. 

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында рухтас белсенділер тыл және еңбек ардагерлері, сонымен қатар әлеуметтік жағдайы аз қамтылған жалғыз бастызейнеткерлердің  үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, абаттандыруға көмек көрсетті.

«Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Жас болсақта оларға қолдау көрсету назарымыздан тыс қалған емес. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қарт адамдарды қамқорлыққа алып, тұрақты әлеуметтік көмек көрсетсек, бүгінде экологиялық науқанның «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында үй-жайларына сенбілік жұмыстарын жүргізудеміз. «Батаменен ел көгереді» – дейді дана халқымыз. Үлкендердің батасыналу дәстүр жалғасы және жастар үшін жақсылық нышаны,» -дейді волонтер Арыстан Данияр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!