Жергілікті билік Түркияның Шанлыурфа қаласында жер сілкінісі салдарынан 12 адам, Османие провинциясынан бес адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі зілзаладан зардап шеккен Түркиядағы қазақстандықтардың жағдайын анықтап жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытта Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Кахраманмарас жер сілкінісінен кейін ең күштісі магнитудасы 6,6 22 афтер сілкініс болғанын айтты.

Жер сілкінісінің ошағы Газиантептен 37 шақырым жерде орналасқан, оның тұрғындарының саны 1 миллионнан асады. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатқан. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров зардап шеккен қазақстандықтардың бар жоғы анықталып жатқанын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!