Alibaba.com. сауда платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

B2B форматындағы платформасында ең ірі әлемдік платформада ашылған ұлттық павильон қазақстандық өндірушілерге өз өнімін интернет арқылы кедергісіз сатып, жарнмалауға мүмкіндік береді. Палиьонның ашылуына орай Zoom-конференция форматында өткен жиынға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, QazTrade АҚ Бас директоры Аазамат Асқарұлы, Alibaba.com вице-президенті Эндрю Женг қатысты. Вице-министр Қайрат Төребаев бүгінгі таңда электрондық коммерция қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстанның әлемдік трендпен бірге тыныстауға дайын екенін атап өтті.

Оның пайымынша Alibaba компаниясымен арадағы ынтымақтың арқасында қазақстандық компаниялар өз өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжыту мүмкідігін кеңейте алады. «Alibaba» алаңында ұлттық павильонның ашылуы шетелдік сатып алушылар тарапынан Қазақстан өнімдеріне жоғары сұраныс бар екнен растады», – деді вице-министр. Ал «QazTrade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлының айтуынша, отандық компаниялардың өнімін маркетплейстер арқылы таныту тиімділігін көрсетіп отыр. Электрондық алаңдарда сауда жасай бастаған компаниялардың сату көрсеткіші жақсара түскен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!