Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Вице-премьер Серік Жұманғарин елімізде өндірілмейтін кейбір көкөніс, жеміс-жидектің баға тұрақтылығына қатысты тәуекел туындауы мүмкіндігін айтты.
«Азық-түліктің 14 түрі бойынша 80 пайызға және одан да көп пайызға қамтамасыз етілген. Ал 5 түрі бойынша импортқа тәуелділік бар: құс етімен өзімізді 73 пайызға қамтамасыз етеміз; шұжықпен 60 пайызға, балықпен 60 пайызға, ірімшік, сүзбемен 46 пайызға, қантпен 44 пайызға қамтамасыз етеміз. Мұнда белгілі бір деңгейде қауіп бар. Әрине, Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері, мәселен, апельсин, банан, лимон және т.б. болуы мүмкін… Бұл өнімдер қымбаттауы мүмкін. Бірақ шамалы» – деді Серік Жұманғарин.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!