ҚР Президенті Жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды  Ақорда.

«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын», делінген құжатта.

Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

«Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

2001-2004 жылдары – Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер. 2004-2007 жылдары – «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары – ҚР мұнай газ вице-министрі. ҚР Энергетика министрінің орынбасары (2014-2019). Қазіргі қызметінде 2019 жылдың маусымынан бері бері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!