QazaqGaz (бұрынғы ҚазТрансГаз) басқарма төрағасы Санжар Жаркешов ұлттық компанияда тексеріс кезінде анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты.

Оның сөзінше, QazaqGaz компаниясының қызметіне толық тексеріс жүргізілген.

«Бүгінде 937 миллиард теңгеден аса сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде құқық қорғау органдары 123 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады», – деді Жаркешов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтарында Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz компаниясының төрағасы қызметінен кеткен еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!