Фото: pixabay.com

Елімізде кейбір азық-түлік бағасы өсті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы соңғы аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгергенін айтты.

Ақпаратқа сәйкес, бағасы өскендер – бірінші сұрыпты ұн – 0,9%, сары май – 0,3%, тауық еті (сан еті) – 0,5%, сәбіз – 1,4%, қант – 1,1%, тұз – 0,1%.

Арзандағандар – макарон өнімдері – 0,2%, күріш – 0,4%, қарақұмық – 1,2%, күнбағыс майы – 0,1%, жұмыртқа – 0,5%, картоп – 0,5%, пияз – 5,3%, қырыққабат – 0,8%.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!