Астана қаласындағы EXPO Конгресс-орталығында 25-26 сәуір күндері ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп оқушылары мен студенттік кәсіпкерлік ұлттық кубогы өтеді. Қазақстанның барлық өңіріндегі мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылары бас қосатын байқауда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері де бақ сынамақ. Жалпы көрмеге 200-ден астам команда қатысады деп жоспарлануда.

Былтыр чемпионатқа 100-ден астам команда қатысқан болатын. Бұл командалар оқу жылы бойы әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларды әзірледі. 

Білім сайысының нәтижесінде Қарағандыдан келген ENACTUS BUKETOV UNIVERSITY кубок иегері атанды. Команда ұлттық чемпионы атағымен қоса Нидерландының Утрехт қаласында өтетін  ENACTUS World Cup 2023 кубогында өнер көрсетуге жолдама алды. 

«ENACTUS – лидерлік, кәсіпкерлік және  дербестік мектебі. 15 жыл ішінде біз талантты және мақсаты биік балаларға студенттік жылдардан бастап табысты мансап пен бизнес құруға мүмкіндік беретін тұтас әлеуметтік институтты құра алдық», – деді бағдарлама жетекшісі, & CEO ENACTUS KAZAKHSTAN президенті Альбина Ержанова.

Былтыр «Enactus Korkyt Ata university» командасы экологиялық табиғи таза өнім әзірледі. Олар «Active seat» көрпешесін күріш қауызынан жасап шығарды.

Сондай-ақ, Enactus Korkyt ata ұйымы өткен жылы 5-8 сынып оқушыларына тегін қаржылық сауаттылық курсын жүргізді. Бұл сабақтар KMF&KMF-Демеу Корпоративтік қорының «FINBOSS» қаржылық сауаттылық негіздері» аясында өтті.

Ал биыл жаңа идеялар мен стартаптардың басы-қасында жүретін студенттер жаңа инновациялық жобаға қызу дайындық үстінде.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 – Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасының қатысушыларының жоба бойынша нәтижелерінің жыл сайынғы көрмесі. Іс-шараға демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы байқаулар кіреді.

Басты оқиға студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының финалы болып табылады, оның нәтижелері бойынша жеңімпаз команда ENACTUS WORLD CUP 2024 әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығын алады.

ENACTUS тарихында әлемдік кубоктар Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өтті, биыл Дүниежүзілік біріншілікті өткізу құқығын біздің еліміз жеңіп алды. Бірінші рет ТМД-да, атап айтқанда, Қазақстанның елордасы Астана қаласында үздік студенттік бизнес – жобалардың Әлемдік кубогы өтеді.

Ауқымды сайыстың ұйымдастырушысы – ENACTUS Kazakhstan қоры. Ал ресми демеушілер – Olzha Agro, KMF&KMF-Демеу, TURAN табиғи суы, Eurasian Resources Group, Raimbek Group, KT Cloud Lab, White&Case, Caravan Resources, Kazakhstan Mining, TSSP, KazAgroFeed, ABS Строй, Leader Еngineering group, NES Kazakhstan. Ресми серіктестер – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҰКП, ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі.

Бағдарлама бойынша World Cup League: ENACTUS Ұлттық кубогы, ENACTUS World Cup 2024 әлемдік кубогына жолдама үшін басты байқау алаңы, Early Stage League: ерте кезеңдегі жобалар байқау алаңы, ENACTUS #NextGenLeaders Мектеп кәсіпкерлігінің V Республикалық чемпионаты, Колледж студенттері арасындағы ENACTUS Kazakhstan кубогы өткізілмек. 

ENACTUS KAZAKHSTAN Ұлттық кубогында жас көшбасшылар 17 ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларды көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!