Бұған дейін облыстық «Ақмешіт жастары» Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай жас ғалымдар ара­сын­да Темірбек Жүргенов атындағы сыйлық үшін «Ғылым жолында» байқауын жа­рия­­лады. Жақында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев жүзден жүйрік шыққан байқау жүлдегерін марапаттады.

«Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасарлары Дәурен Омаров, Айжан Абдуллаева, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы бастаған қазылар алқасы материалдарды саралау барысында «Болашақ» университетінің «Қоғамдық пәндер, тарих және география» кафедрасының меңгерушісі Ботагөз Паридинованың «Рухани дүниетаным» және «Руханилық» категорияларының педагогика және психологиядағы түсініктері» еңбегін байқау талабына сай жазылған үздік зерттеу  деп таңдады. 

Айта кетейік, «Сыр медиа» ЖШС қаржылай көрсеткен сайыстың жүлде қоры – 100 мың теңге.

«АЖ» ақпарат,

Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ