Ілікпес көздің жасы жанарына ,
Тар өмір темір тор ғой саналыға.
Тағдырдың талқысында өткересің,
Түскенде шырмауықтЫң шырмауына.
Жасыма, еш уақытта сынақтарға,
Қол салма алдыменен ұнатқанға.
Өмір деген шытырман адастырар,
Көмкерген жауабы жоқ сұрақтарға.
Білемін,саналының тозбасына,
Жетерлік мақсатым бар өз басыма.
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,жылы жүрек»,
Айналған өмірдегі жолдасыма.
Төзе біл, төзе білгін ауыр сынға,
Қиналдың ба, төзе біл, ауырсынба.
Шорт кесілер, шолақ боп тәмамдалар,
Өмір шіркін, ұқсайды қауырсынға.
Санаңды басқара біл ақылменен,
Өмірге адам жоқ қой, жақын менен
Өмір деген ақылдың ойыны ғой!
Қатар ұста тізгінін танымменен.
Солмасын санаңдағы нұрлы қадам,
Серік боп ақ қағаз бен сырлы қалам.
Адамдық қасиетті ұштастырған,
Өмірден жолыңды тап, арлы адам!
Бағдаулет АЯҒАН
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!