«AMANAT CUP» XXI республикалық пікірсайыс турнирі қорытындыланып, кубок иегерлері анықталды. Алматы қаласында өткен турнирге 60 пікірсайыс командасы қатысты.

«Бүгінгі ойынның барысы қандай болса да, ең алдымен сіздер бір-біріңізбен ой бөлісетін жақсы дос, мықты әріптес, пікірі бір азаматтарды таба білдіңіздер деп ойлаймын. Алдағы уақытта мұның барлығы сіздерге өз жемісін беріп, тұлғалық дамуларыңызға әсерін тигізеді. Бүгін жеңіске жеткен командаларды құттықтаймын. Ал жеңіс тұғырынан көріне алмағандар тағы да шынығып, келесі жолы өз ұтқырлығын дәлелдейді деп сенемін»,- деді партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.

Өз кезегінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев барша пікірсайысшыларды ауқымды турнирдің аяқталуымен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Пікірсайыс ойындарының нәтижесі бойынша қазақ лигасының «AMANAT CUP» XXI Республикалық пікірсайыс турнирі кубогын Қызылорда облысынан келген «Amanatka kyanat jasama» фракциясы (Абылайхан Палмағанбет, Дәулет Естанов) жеңіп алды. Күміс жүлдені алматылық «Дулат» командасы (Жазира Жөндербек, Нұрдаулет Өмірзақ) иеленсе қола жүлдені Алматы облысының «Ади Шарипов» (Ерғали Инкаров, Асет Оразғали) командасы алды.

Орыс лигасы бойынша І орынды Алматы қаласының «не Қағанат, но тоже дешёво» (Мадина Раилова, Әділбек Рамазанов) командасы, ІІ орынды «Диана и Ғалымжан» командасы (Диана Жұмағұлова, Ғалымжан Мақашев) иеленді. Жүлделі ІІІ орын «Карфаген должен быть разрушен» (Рүстем Арманов, Азат Шайкенов) командасына бұйырды.

«Ең үздік спикер» номинациясы мен онығ арнайы сыйлығын қазақ лигасынан Маңғыстаудан келген Қалдығали Тұрақбай, орыс лигасынан алматылық Артем Посвеженский қанжығаға байлады.

Қазақ және орыс лигасы бойынша «Үздік спикер» аталымын Алматы қаласынан Әлібек Сандыбек және Әділбек Рамазанов иеленді.

Ал ойында әділдік көрсетіп көзге түскен Арайлым Әбдукәрімова мен Жақсылық Бекхан «Үздік төреші» номинациясын иемденді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!