Димаш Құдайбергеннің DiVoices хорына біріккен польшалық фан-клубының жанкүйерлері Dears фандомының сегіз жылдығына орай әсерлі тосын сый дайындады. Осы атаулы күні олар қазақстандық орындаушының өнер жолының бастауында тұрған «Ұмытылмас күн» әнін орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Димаш бұл әуенді жазардың алдында әннің жанкүйерлер үшін қандай ерекше мәнге ие болатынын елестетпеген де болуы керек. Өйткені, Dears үшін әрбір концерт, әрбір кездесу мен сапарлар ерекше эмоциялар мен ұмытылмас естеліктерге толы үлкен шытырман оқиғаның бір бөлігіне айналады», – дейді фан-клуб админі Тереза ​​Какол.

Өз жобасында DiVoices бүкіл әлемдегі жанкүйерлерді біріктірді.

«Ұмытылмас күн» қойылымын АҚШ, Норвегия, Перу, Швеция, Латвия және Жапония елдерінің фан-клубтарының өкілдері бірге орындады. Олардың көпшілігі бұрынғы жобада «Mahabbat Around the World» хорына қатысып, Димаштың музыкаға деген махаббатында шек жоқ екенін тағы бір дәлелдеді.

«Біздің бұл әннің интерпретациясы Dears-тың жүрегінен орын алып, оларға ұмытылмас эмоция сыйлайды деп сенеміз», – деп бөлісті хор мүшелері.

Польшалық фан-клуб Димаштың жанкүйерлерін қауымдастықтың 8 жылдық мерейтойымен құттықтап, Dear-тың әрбір мүшесіне әртістің шығармашылығынан шабыт алатын сәттердің көп болуын тілейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!