Фото:https://mysl.kazgazeta.kz/news/15694

Ұстазым, сен жарықсың күн шуақтай,

Түндеріме жарық берген шырақтай.

Сіз үйреткен әрбір әріп, әр сабақ

Жан дүниемде жаңғырады құлақта.

Көкірекке білім құйдың нәр қылып,

Көңілімді жетеледің ән қылып.

Сөзіңізде самал ескен даланың,

Мейіріміңде гүлдерің тұр гүл ашып.

Қара сөзің  қамшы болды жанды ұғар,

Ақ тілеуің жол ашатын дұға шығар.

Тәңір берген таудай сабыр бойыңыз

Үлгі болып ұрпақтарға ашылар.

Жүзіңіз нұр тұнатын күн мүсін,

Сөзіңізден табам үміт болмысын.

Шәкірттерге шапағатпен жол ашар,

Жүрегіміз сіз деп соғар жыр құсын.

Гүлжаухар апай, нұр болып тұр жанарың,

Сіз оқытқан әр шәкірттің бағы бар.

Құрметпенен бас иеміз бәріміз,

Сізге арнаған әндерім әлемге танылар!

Шынболат Әбдухали

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!