Фото:https://wow-show.ru/yazyk-poezii/
Жыр дүлділі, ақын жанды қайраткер,
Өзің маған жыр жазуға қайрат бер.
Ілиястай жырлар жазсам бір күні,
Аталармын менде,бәлкім, Құлагер?!
Үш Бәйтерек: бірі болған ақыным,
Қазақ үшін еңбек қылған батырым.
Өзің үшін қолға қалам аламын,
Бір өзіңдей жарқыраған көкте күн!
Есте қалар Құлагерің мәңгіге,
Сен туралы жазам, роман, әңгіме.
Тектілікті өз бойына ту еткен,
Құлагерсіз бұл өмірдің мәні не?
Көп ақынға жалынымен от берген,
Қыран құстай көк аспанды көктеген.
Ілиястай ақын тумас өмірде,
Мың ғасырда бір туады күн деген.
Шынболат Әбдухали
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!