Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Ауыр соққыдан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан бес адам көз жұмып, тағы бес адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!