Фото: Pixabay.com
Атырау облысына қарасты Сарайшық ескі қалашығында Жайық жағасынан бөгет салуға жер қазу кезінде адам сүйектер табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жерді қазу кезінде адам бас сүйегінің 12 сынығы мен адам денесінің 26 сынығы шыққан.
Атырау облысы ТЖД жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, оқиға орнына келген құзырлы орган қызметкерлері бұл фактіні АЕК-ке тіркеп, тергеуге дейінгі іс-шараларды бастады.
Сарайшық қорық-мұражайының директоры Мұхтар Әбілсейіт Жайық жағасына мыңдаған адам бөгет салып жатқандықтан, жұмыс барысында адам сүйектерінің табылуы жаңалық емес екенін айтады.
Алдағы уақытта табылған сүйектер дәстүрге сай қайта жерленетін болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!