3 ақпанда Түркістан облысының Кентау-Түркістан тас жолының 5-шақырымында  «Ауди» маркалы екі бірдей көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақатын алды. Зардап шегушілер Кентау қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды»,—делінген хабарламада.

Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!