Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен 10 қаңтар  жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адам қаза тапты. Осыған байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 10 қаңтарын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдады», – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Тиісті қаулы Ақорда сайтында жарияланды. 

“Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын”, – делінген президент қаулысында. 

Айта кетсек, бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 11-ші жалпұлттық аза тұту күні. Бұған дейін соңғы рет елімізде 2021 жылы 29 тамызы Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!