Фото: lada.kz

Маңғыстау облысының 64 жастағы тұрғыны Раббым Борашев Олимпиада ойындарына велосипедпен жолға шықты. Ер адам 5 мың шақырымды бағындыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Раббым зейнеткерлікке шыққанға дейін құрылыс саласында жұмыс істеген. Соңғы жылдары велоспортқа қызығып, бірнеше жарыстарға қатысып үлгерген. Спортшының айтуынша, Парижге велосипедпен жету үшін арнайы дайындық қажет. Қазақстандық жеті мемлекеттің аумағын басып өтіп, 5 мың шақырымды бағындыруды жоспарлап отыр.

«Олимпиадаға бару – менің арманым. Бірақ жас кезімде еш мүмкіндік болмады, ал қазір уақыты келді, сондықтан осындай шешім қабылдадым. Ең алдымен Ақтаудан Бакуге барамын. Ол жақта ҚР Бас консулдығының өкілдері күтіп алып, мені Грузия шекарасына дейін шығарып салады. Бұл мен үшін үлкен қолдау. Әрі қарай мен Батумиге барып, «Ұлы далаға жорығы» жобасына қатысамын.

Ал маусым айында Түркияға кетемін. Венгрия, Австрия, Германияны басып өтіп, Францияға жетуді жоспарлап отырмын», – дейді Раббым.

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!