Соңғы кезде тұрғын үй иелерінің өз үйлерінде бөтен адамдардың тіркеуде тұрғаны туралы шағымданатын. Бұл бірнеше мемлекеттік органдардың дерекқорларының интеграциялау процесі кезінде кеткен техникалық ақауларға байланысты орын алған. Енді тұрғындар өз үйлеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған адамдар туралы SMS-хабарламалар алып отыратын болды.

Қолданысқа енген жаңа сервис биылдан басталды дейді оқылатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры Айнұр Тобаева.

«Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады», – деді Айнұр Шорабекқызы.

Сонымен қатар, осы жылдан бастап жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу ережелеріне де өзгерістер енгізілді. Енді нотариуста тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен жұмысын бітіре алады. Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!