Алматы облысында 37 жастағы ер адам өз әйелін көлікпен қағып, мерт қылды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға салдарынан алған жарақаттарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта полиция қылмыстық іс қозғап, болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Ведомство өкілдері жол-көлік оқиғасының өзге де егжей-тегжейлерін әзірге жарияламады.
Аталған факті бойынша тергеу амалдарының барысы Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауына алынған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
