Сурет: Zakon.kz

Алматыда ер адам «Премьера» тұрғын үй кешенінің 14-қабаттағы балконынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция бұл фактіні суицид тіркеп, ҚР ҚК-нің 105-бабы, «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеу амалдарын қол алды. 

«Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес, Наурызбай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды», делінген Zakon.kz редакцияның жолдаған сауалына берілген жауапта. 

Zakon.kz тілшісі қайғылы оқиға орнында болды. 

Қайтыс болған адамның жеке басы және оның өзіне қол жұмсауына не түрткі болғаны туралы ақпараттар анықталып жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!