Фото: gov.kz

Ақмола облысының 30-дан астам тұрғынын 62 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылғы сәуірдің 16-да Қосшы қалалық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша Астана қаласының тұрғынынан арыз түскен. Зардап шегушінің сөзінше, наурыз айында әлеуметтік желідегі тұрғындардың чатында жиһаз және қымбат ыдыстарды төмен бағамен ұсынған бейтаныс әйел оның 400 мың теңге ақашасын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс — шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын Қылмыстық кодекстің 190-бабың 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған Астана қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

«Қазіргі кезде күдіктінің үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Одан зардап шеккен тағы 32 адамнан полиция арыз түсті. Зардап шккендерге келтірілген шығын көлемі 62 млн теңгені құрайды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы сатып алу кезінде сатушыда тауардың бар екеніне көз жеткізуді, бейнебайланыс бойынша мәміленің егжей-тегжейін талқылауды, тауарды алғаннан және оны тексергеннен кейін ғана төлем жасауды ұсынады. 

Еске салайық, Қосшыда салық органының қызметкері бірнеше рет интернет-алаяқтық жасаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!