Ақтау қаласында жоғалып кеткен 6656 әскери бөлімінің сарбазы табылды. Бағлан Әділбеков бүгін 07.15 шамасында шаһардағы полиция тірек пунктіне өзі келген. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлаған.

Қатардағы жауынгер Әділбеков ата-анасымен кездесті. Қазіргі кезде қызметтік тергеу жүргізілуде», – делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаздың жоғалып кеткені хабарланған еді. Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні көшедегі патрульдік-күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімшеге қайтып келмеген. №6656 әскери бөлімінің командирі Марат Рахпанов қызметтік тергеу тағайындалғанын, бұл жағдай жоғары тұрған қолбасшылықтың бақылауында екенін, аталған жағдайға қатысты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылатынын мәлімдеген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!