Ақтөбеде бір тәулікте төрт адам суға батып кетті. Олардың екеуі ағайындылар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеп.

Қаза болғандардың жасы – 15, 18, 19 және 20-да. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, профилактикалық іс-шараларға қарамастан, өткен тәуліктің өзінде қалада төрт адам суға батып, көз жұмды.

19 шілде күні 102 нөміріне кәмелетке толмаған, 15 және 18 жастағы екі баланың Өрлеу елді мекені ауданында Елек өзеніне батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Қаза болғандар туған ағайындар. 

Сол күні Набережная көшесі ауданында Елек өзеніне 19 және 20 жастағы жігіттер жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!