Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыда табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

14 наурыз күні полицияға 19 және 20 жастағы екі қыздың туыстары хабар-ошарсыз кету туралы арызданды. Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген.

«Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде жоғалған қыздардың Ақтау қаласында көргені туралы ақпарат келіп түсті, бірақ оларды сол жерден таба алмаған. Екі аптадан кейін қыздар Алматы қаласында табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді», – деп көрсетті ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

Қыздар туыстарын ескертпей жай серуендеуге шешім қабылдағанын түсіндірді.

Фото: pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!