Арал ауданында түйе етін ұрлаған тұрғын ұсталды.

21 желтоқсан күні кешкі уақытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан ұрлық жөнінде арыз түсті. Арызда 40 жастағы азаматша үйінің кіре-беріс бөлмесінің ағаш терезесінің әйнегін шешіп кіріп, асхана бөлмесінде жайылып тұрған 100 келі түйе етін және ауласындағы сарайының ішінен  велисопедінің ұрланғанын көрсеткен. 

Түскен арыз негізінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жедел жұмыстың нәтижесінде 30 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, айғақ заттар алынды.

Бүгінгі күні орын алған ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлігімен (тұрғын үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!