Фото: Arka.am
Арменияда парламент сайлауында дауыс беру басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-де басталды, енді сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Бүкіл ел бойынша дауыс беруге арналған 2005 учаскенің жұмысы ұйымдастырылды.
ІІМ Көші-қон және азаматтық қызметінің деректері бойынша 2 млн 489 мың 31 азамат дауыс беруге құқылы. Сайлауға қатысу үшін 18 саяси күш тіркелді, оның ішінде 16 партия және 2 альянс бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!