Қазақстандық ғалымдар бүгіннен бастап үш күн бойы күшті магниттік дауыл болатынын болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ионосфера институты мамандарының айтуынша, оның ерекшелігі аспанда полярлық шұғыла өте анық көрінеді. Соңғы рет осындай сирек құбылыс қаңтар айында тіркелді. Сол кезде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында түнгі аспан ерекше жарқырады. Күшті магниттік дауыл байланыс жүйесіне және орбитадағы кейбір спутниктердің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар дәрігерлердің айтуынша, қан қысымы бар адамдардың абай болғаны жөн.  

“Күн белсенділік танытатын кезеңдер болады. Мұндай белсенділік шамамен 11 жылға созылады. Бірде өсіп, бірде төмендеп отырады. Қазір біз төмендеу кезеңіне жақындап келеміз. Алайда мұндай қорытындыны нақты деректерге сүйеніп қана жасай аламыз. Ол үшін уақыт өтуі керек”, – деді Ионосфера институтының аға ғылыми қызметкері Ботагөз Сейфуллина.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!