Түркістан облысында атыс кезінде адам өлтіргендер әлі іздестіріліп жатыр. Тіпті полиция мен қарулы жасақ қала мен облыстық жолдардағы көліктерді тоқтатып тінтуде. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

күдіктінің тұлғасын айтпады. Белгілісі, қос күдікті де 19 жастағы Арыс тумалары.

“Арнайы жедел тергеу тобы құрылып, ұстап алу жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті ісшара жүргізіліп жатыр”, – дейді Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ермек Сәрсенбаев. 

Болған оқиғаның бар жағдайы анықталуда. Көз жұмған Алмас Жолдасовтың артында бес баласы қалса, былтыр ғана үйленген Жандәулет Қабыловтың келіншегі мен бір айлық нәрестесі қалды. Ал олардың денесі кеше Арыс қаласында жерленді.
 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!